Сегіз облыстағы автожолдарда көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты сегіз облыста республикалық маңызы бар 20 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

Абай облысы – жалпы ұзындығы 2174 км жеті автожол (ауа райының төмендеуі, -40 градусқа дейін аяз күшеюде).

1. Облыс бойынша барлық бағыт бойынша (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін) (боран, жел, көрінудің шектелуі);

2. «Омбы-Майқапшағай» км. 915-1002, уч. Қалбатау ауылы-Көкпекті ауылы (барлық көлік үшін);

Шығыс Қазақстан облысы – жалпы ұзындығы 1268км жеті автожол (ауа райының төмендеуі, -45 градусқа дейін аяз күшейді);

1. Облыс бойынша барлық бағыт (қоғамдық көліктер және дизельдік көліктер);

Жамбыл облысы — жалпы ұзындығы 79 км бір автожол (ауа-райының төмендеуі);

1. «Алматы-Ташкент-Термез» Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады);

Жетісу облысы — жалпы ұзындығы 58 км бір автожол (Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты қар, боран, жел, көрінуі шектеулі);

1. «Алматы-Өскемен» км. 557-615, уч. Үшарал қаласы–Абай қаласы аймақ (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер);

Қарағанды облысы – жалпы ұзындығы 103 км бір автожол (Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты);

1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» Қарқаралы обл. шек.-Абай обл. шек. (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін);

4. «Екатеринбург-Алматы» км. 1505-1854, ауыл Жаңа құрылыс–Балқаш қаласы (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін);

Қостанай облысы – жалпы ұзындығы 83 км бір автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты);

1. «Жезқазған-Петропавл»–Ұлытау облысы-Арқалық қ. Барлық көлік түрі);

Павлодар облысы– жалпы ұзындығы 160 км бір автожол (Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты);

1. «Омск-Майқапшағай-Кежекөл к.-Абай обл. шек.» (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін);

Ұлытау облысы – жалпы ұзындығы 115 км бір автожол (боран, жел, ауа райының төмендеуі);

1. «Жезқазған-Петропавл»-Қостанай облысы-Ұлытау ауылы. (барлық көлік түрі) Жезді-б.-Ұлытау ауылы. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 419 бірлік техника және 785 адам жұмылдырылды.