Елімізге жұмыртқаны автокөлікпен әкелуге уақытша тыйым салынады

Қазақстанға тауық жұмыртқасын автокөліктермен әкелуге алты айға тыйым салынады.

Ауыл шаруашылығы министрінің аталған бұйрығы 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқасын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, — делінген бұйрық мәтінінде.

«Ашық» НҚА-ға жарияланған бұйрық 1 наурызға дейін қоғам талқысына ұсынылып отыр.