Басты бет / Жаңалықтар /
40811cc0bf7a9c736c862142eca38bba Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 25 көпір жөнделеді

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 25 көпір жөнделеді

Ағымдағы жыл ішінде 25 көпірде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылады.

Күрделі жөндеу көретін көпірлердің дені Бәйдібек (1), Мақтаарал (3), Отырар (1), Сарыағаш (1), Түлкібас (2) аудандары мен Түркістан (1) қаласына тиесілі.

Бұдан басқа, 22 көпірде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті құжаттар әзірленіп жатқанын ескерсек, алдағы уақытта жөндеуді қажет ететін көпірлер саны едәуір азаятын болады.

Мұндай ұсыныстар таяуда облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тарапынан айтылып, халық қалаулыларымен қолдау тапты.

Сонымен қатар Сарыағаш ауданындағы Дарбаза стансасына кіре берісте 1,2 шқ., Түлкібас ауданындағы «Әсел» демалыс орнына кіре берістегі 5,7 шқ. және Арыс қаласына кіре берістегі 8 шқ. жол орташа жөндеуден өткізілетін болады.

Мақтааралда да атқарылатын шаруа бар. Ондағы Жаңа дала, Иіржар және Өркениет елді мекендерінің үш көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталса, Шымкент қаласының Темірлан тас жолында да орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз