Елімізде апта ішінде 9 кісі өлімі тіркелді

Кейінгі аптада ел аумағында тоғыз адам өлімі тіркелді. Бұл туралы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Елдегі криминогендік жағдайға тоқтала кетсем, бір апта ішінде 2 568 қылмыс жасалды. Соның ішінде 1 605 қылмыс тәулік ішінде ашылды. Атап айтқанда, тоғыз кісі өлімі, алты өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру, үш қарақшылық, 20 тонау және 293 ұрлық жасау, — деді Шұғыла Тұрлыбек.