ҰҚК, полиция және прокуратура бірнеше өңірде жедел операция жүргізіп жатыр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен және бас прокуратурамен бірлесе отырып, деструктив діни ағымды ұстанушылардың жолын кесу бойынша операцияны бастады.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл операция биыл 17 ақпанда басталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында құрамында деструктивті діни ағымды ұстанушылар бар қылмыстық топтардың іс-қимылының жолын кесу бойынша операцияны бастады.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері жақын күнде жарияланады.