Алматылық полицейлер қалада ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді жолда сақ болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Бұл туралы Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев мәлімдеді.
Көлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын. Жауын-шашын мен көктайғақ қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатады: кептеліс пайда болып, көліктің өткізу қабілеті нашарлайды. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, көбінесе бұл құбылыстар жол қозғалысына қатысушылардың нашар тәртібінен туындайды: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар және қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрметпен қарамайды, жаяу жүргіншілер жүруге болмайтын жерден жолды кесіп өтеді. Осы факторлар жалпы жол жағдайына кері әсерін тигізеді, — делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы 17 ақпанда түнде және түстен кейін -14…-22 градус суық болады.
