16 ақпан сағат 07.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұл туралы «ҚазаАвтоЖол» компаниясы хабарлады.
- Абай облысында — тоғыз учаске (1 243 км)
- Ақмола облысында — 27 учаске (2 201 км)
- Ақтөбе облысында – бес учаске (778 км)
- Алматы облысында — бір учаске (84 км)
- Атырау облысында — бір учаске (9 км)
- Шығыс Қазақстан облысында – бес учаске (408 км)
- Жамбыл облысында — бір учаске (450 км)
- Жетісу облысында — бір учаске (100 км)
- Батыс Қазақстан облысында — бір учаске (133 км)
- Қарағанды облысында — сегіз учаске (1 158 км)
- Қостанай облысында — 11 учаске (1 508 км)
- Қызылорда облысында — бір учаске (815 км)
- Павлодар облысында — тоғыз учаске (1 624 км)
- Солтүстік Қазақстан облысында — 15 учаске (1 924 км)
- Түркістан облысында — екі учаске (283 км)
- Ұлытау облысында — үш учаске (543 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 бірлік техника және 196 жолшы жұмылдырылған.
