Ауа райына байланысты 11 облыста республикалық жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

  • Абай облысында — екі учаске (177 км)
  • Ақтөбе облысында – екі учаске (467 км)
  • Алматы облысында — бір учаске (84 км)
  • Шығыс Қазақстан облысында – төрт учаске (298 км)
  • Жамбыл облысында — бір учаске (450 км)
  • Жетісу облысында — бір учаске (100 км)
  • Қостанай облысында — бір учаске (83 км)
  • Қызылорда облысында — бір учаске (815 км)
  • Солтүстік Қазақстан облысында — екі учаске (249 км)
  • Түркістан облысында — екі учаске (283 км)
  • Ұлытау облысында — бір учаске (115 км)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 666 бірлік техника және 1 475 жолшы жұмылдырылған.