15 ақпан сағат 07.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 14 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Абай облысында — жеті учаске (796 км)
Ақтөбе облысында — бес учаске (696 км)
Алматы облсында — бір учаске (84 км)
Атырау облысында — бір учаске (9 км)
Шығыс Қазақстан облысында — жеті учаске (511 км)
Жамбыл облысында — бір учаске (450 км)
Жетісу облысында — бір учаске (100 км)
Қарағанды облысында — бір учаске (48 км)
Қостанай облысында — бір учаске (83 км)
Қызлорда облысында — бір учаске (815 км)
Павлодар облысында — бір учаске (263 км)
Солтүстік Қазақстан облысында — үш учаске (316 км)
Түркістан облысында — екі учаске (283 км)
Ұлытау облысында — екі учаске (438 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 224 бірлік техника және 294 жолшы жұмылдырылған, — делінген хабарламада.
