Ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста жолдар жабылды

14 ақпан сағат 15.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 41 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

  • Абай облысында – алты учаске,
  • Ақмола облысында – екі учаске,
  • Ақтөбе облысында – бес учаске,
  • Алматы облысында – бір учаске,
  • Шығыс Қазақстан облысында – төрт учаске,
  • Жамбыл облысында – бір учаске,
  • Жетісу облысында– екі учаске,
  • Қарағанды облысында – тоғыз учаске,
  • Қызылорда облысында – үш учаске,
  • Павлодар облысында – бес учаске,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – бір учаске,
  • Түркістан облысында – екі учаске,
  • Ұлытау облысында – бір учаске.

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 785 бірлік техника және 1 481 жолшы жұмылдырылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да