Кейінгі тәулікте 98 адам құтқарылды. Арасында эвакуацияланғандар да бар. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Кейінгі тәулікте Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 172 рет шақыртуға шықты. Оның 80-і өрт оқиғасы, 92-сі іздестіру, сонымен қатар авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар болды, — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.
