Қайрат Сатыбалдыұлының тағы 44,6 миллиард теңгесі мемлекетке қайтарылды

Мемлекетке 44,6 миллиард теңге қайтарылды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 миллиард теңге қайтарылды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.

Еске салайық, 2023 жылғы желтоқсанда Қайрат Сатыбалдыұлы 55 миллиард теңгеден аса ақшаны мемлекетке қайтарған болатын. Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеру шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті қайтарып жатқанын хабарлаған еді.