Мемлекет басшысына Amanat партиясының атынан премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа парламент мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Қолданыстағы заңнама бойынша, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.
Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды.