Қазақстан спортшылары мәнерлеп жүзуден әлем чемпионы болды

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорт түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары Эдуард Ким мен Нарғыза Болатова мәнерлеп жүзуден алтын алды. Бұл — Қазақстанның су спорты түрінен әлем чемпионатында алған алғашқы алтыны.

Бұл туралы халықаралық су спорты түрлері федерациясы хабарлады. 

Жұп 228,0050 ұпай жинады. Күмісті Қытай спортшылары, қоланы мексикалық жұп иеленді.

18 жастағы Эдуард Ким мен 20 жастағы Нарғыза Болатова финалға 4-орынмен шыққан. Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді.