Жыл сайын 13 мың қазақстандық қатерлі ісіктен көз жұмады. Бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник мәлімдеген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша әлемдегі әрбір бесінші адам қатерлі ісікке шалдығады. Әрбір 8-ші ер адам және әрбір 11-ші әйел осы аурудан қайтыс болады екен.
Қазақстанда кейінгі 20 жылда қатерлі ісік ауруы 25% артқан. Науқастардың 56% еңбекке жарамды жастағы адамдар. Әйелдер ерлерге қарағанда жиірек ауырады, – деді Вячеслав Дудник.
Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнінің мақсаты – халықтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді тексерулер туралы хабардар ету.