Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Жамбыл облысында – бір учаске:
«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін – 79 км.
Қостанай облысында – бір учаске:
«Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау облысының шекарасынан Аркалық қаласына дейін – 83 км.
Ұлытау облысында – бір учаске:
«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау облысынан Қостанай облысының шекарасына дейін – 115 км.
Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 375 арнайы техника және 536 жолшы жұмылдырылды, – делінген хабарламада.