1-класқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгеріс енгізгенін хабарлады.

Егер бұрын бірінші класқа қабылдау мерзімі 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші класқа құжаттарды қабылдау биыл 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында өтеді.

Тек демалыс кезінде ғана мектептен мектепке ауысуға шектеу алынды. Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде мектептен-мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі 25 тамызда аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін 10-класқа қабылдау мерзімі 15 тамыздан 31 тамызға өзгертілді. Колледжге қабылданбаған білім алушылар мектептің 10-11 кластарында оқуын кедергісіз жалғастыра алады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да