«Бірнеше аптадан соң YouTube-тың серіктестігіне қосылғысы келетін авторлардың өтінішін қараймыз. Олардың 10 мың көрсетілім жинағандарын біздің ережелерімізге сай-сай емес екенін анықтаймыз. Егер бәрі дұрыс болса, оларды серіктес етіп, видеоларына хабарландырулар шығарамыз. Бұл ережеге сай жұмыс істейтіндердің ғана табыс табуына көмектеседі»,- деді Google өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Ариель Бардин.
Бұл өзгерістің енгізілуіне қолданушылардың авторлық құқықты бұзуы себеп болған. Осыған дейін адамдар өзге бір компанияларға тиесілі өнімді Youtube-ке жүктеп, сондағы жарнамалар арқылы табыс тауып келген еді.