Қарағанды облысындағы жарылыс: зардап шеккендерге көмек беріледі

Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жөнінде арнайы комиссия құрылады. Барлығына қажет көмек беріледі. 

Бұл туралы Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Қаза болғандардың отбасыларына көмек беріледі. Біз залалды бағалаумен айналысатын комиссия құрамыз. Ешкімді проблемасымен жалғыз қалдырмаймыз, – деді аудан әкімі Абылай Сұлтанғали.

Еске салайық, Ботақара кентінде 30 қаңтар сағат 00.07-де екі қабатты 12 пәтерлі үйде цилиндрлік газ жарылды. Пәтердің үстіндегі шатыр, қабырғалар мен едендер, соның ішінде бірінші қабаттағы пәтер толығымен қирады. Басқа пәтерлер де ішінара зақымдалған.