Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 30 қаңтар таңғы уақытта Алматыда екі мәрте жер сілкінді.

Бұл жағдайды сейсмикалық станциялар желісі тіркеген.

Бірінші дүмпу сағат 03.03 кезінде болды. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында. Афтершок.

Дүмпудің энергетикалық санаты — 10.5. MPV магнитудасы — 4.5. Тереңдігі — 10 шақырым. Алматыда сезілген жоқ.

Екіншісі таңғы 04.27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді. Энергетикалық санаты — 13.3. MPV магнитудасы — 5.8. Тереңдігі — 10 шақырым.

Жер сілкінісі алматылықтарға 2 балл көлемінде сезілді.