Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446-452 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 26 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 446,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,03 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448-452 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 446,7-449,1теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,97-5,09 аралығында саудаланып жатыр.
