Ұлттық құрылтай құрамына жаңа мүшелер енді

Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері енді және бірқатар бұрынғы мүшелер шығарылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

​Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Юрий Шин, Қазақстанның еңбек ері, Семей қаласындағы №7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова, ҚР парламент мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов, Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова, пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова, дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов, «Азаттық рухы» ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько тартылды.​

Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.​

Ұлттық құрылтай құрамынан Б. Әлтеев, А. Толамысов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, Қ. Майгелдінов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды.​

Қазіргі уақытта мемлекет басшысының Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында хабарланғандай көктемде өтетін ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.