Алматы облысында судья пара алғаны үшін сотталды

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы сотталды. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 17 қаңтарда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарылды.

Судьяның заңсыз қызметін бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жоғарғы сотпен бірлесіп тоқтатқан. А. Абдрахманов Қарасай ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асилбековтың көмегімен екі ЖШС-ті банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды. Қонаев қалалық сотымен А. Абдрахманов төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, — делінген хабарламада.