Доллар 453-456 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 453–456 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453,1–455,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 453–456 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 18 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 452,95 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,13 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,01–5,19 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5-5,1 теңгеден сатылып жатыр.