Samsung компаниясы Galaxy AI алдыңғы қатарлы мүмкіндері бар Galaxy S24 сериясын ұсынды. Бұл серия заманауи смартфондар туралы көзқарасты біржола өзгертуге дайын.

Қазірден бастап Қазақстанда жаңа өнімдерді алдын ала тапсырыспен сатып алуға болады. Дәстүр бойынша, ең бірінші болып сатып алғандарды Samsung компаниясының таңғаларлық бонустары күтіп тұр: жадының екі еселенген көлемі және құнды сыйлық – Galaxy Buds2 Pro құлаққаптары немесе Galaxy Watch6 Classic сағаты. Сонымен бірге Samsung компаниясының ресми интернет-дүкені арқылы жасалған тапсырысқа келесі эксклюзив артықшылықтар беріледі: 0-0-24 бөліп төлеу + кепілді Тrade-in кез келген күйдегі кез келген смартфон үшін 350 000 теңгеге дейін жеңілдік + барлық моделдің эксклюзив түстері + 1ТБ жады бар Galaxy S24 Ultra!

Galaxy S24 сериясындағы AI эпикалық контентке жол ашады. Енді алыстағы кадрды дірілдетпей-ақ түсіруге болады. 50 Мп сезгегі бар Galaxy S24 Ultra смартфонының объективі 2x, 3x, 5x бастап 10x дейін үлкейткен кезде де жоғары деңгейдегі оптикалық сапаны қамтамасыз етеді. Кескіндер, тіпті, 100 еселік үлкейту кезінде де әйнектей таза әрі көз жауын алатын нәтижелерді көрсетеді.

Қараңғыда Galaxy S24 Ultra смартфонының ірі пикселдері көмекке келеді, олардың мөлшері 1,4 мкм. Бұл бұрыңғыға қарағанда 60%-ке үлкен. Galaxy S24 Ultra смартфонында OIS-тің бұрыштары бұрынғыдан кең және қол дірілдеп тұрып түсірілген кадрларды одан да жақсы етіп түсіреді. Осы компенсацияның арқасында бұлдырлап тұратын сәттері азаяды. Жаңа өнім артық шудан тиімді түрде қорғайды және алыс қашықтаан әрі қараңғыда жасалған бейнелерді анық әрі қанық етіп түсіреді.

Galaxy AI редакциялауға арналған аспаптарының арқасында сіз ғажап нәтижеге ие боласыз. Енді қисық суретті тегістеу үшін кескін фонының бөлігін немесе оның шеттерін толтыруға болады немесе нысан мінсіз орналасу үшін тіпті оның орнын өзгертуге болады.

Фото: Samsung

Ойындар да одан әрі қызық бола түсті. Galaxy S24 Ultra смартфонының 1,9 есе үлкейтілген булағыш камерасы барынша тұрақты өнімділікті көрсетеді. Қанша жүктесең де, корпус қатты қызып кетпейді. Ал сәулелердің трассировкасы көлеңкелер мен шағылыстардың әсерлері кескіндерді шынайы етіп көрсетеді.

Galaxy S24 Ultra дисплейіндегі Corning® Gorilla® Armor жетілдірілген әйнегі күн сайынғы сырылып қалу сияқты ақауларға шыдамды.

Нақты уақыт режімінде екі жақты дауыс және мәтін аудармасының арқасындаа шетелдегі әріптесіңмен еркін әңгімеле аласың немесе басқа елде отырып, мейрамханадағы бір орынға оп-оңай тапсырыс бере аласың.

Galaxy Google компаниясымен серіктестікте іздеудің жаңа формасын ашты. Енді «Үйге» батырмасын ұзақ басып, Galaxy S24 экранында белгілі бір затты қоршап, белгілеп пайдалы әрі сапалы іздеу нәтижелеріне қол жетізуге болады.