Еліміздің бірқатар өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

Бүгін Астанада 1-9 класс оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Абай облысында бес ауданда (Аягөз, Жарма, Көкпекті, Бесқарағай, Ақсуат) және Курчатов қаласында бірінші ауысымның оқушылары онлайн оқиды. Қалған аудандар мен қалалардағы балалар мектепке барады.

Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Әулиекөл, Наурызым, Қарабалық, Ұзынкөл, Амангелді, Меңдіқара, Бейімбет Майлин, Қамысты және Қарасу аудандарында аязға байланысты бірінші ауысымдағылар үшін сабақ қашықтан оқу форматына ауыстырылды.

Облыста ауа температурасы — 25-30 градус аяз.