Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар автожолдарда шектеу енгізілді. Төрт учаскеде жол жабылды.
Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” хабарлады.
Жетісу облысы:
- «Үшарал-Достық» (84-184 шақырымы), Көктұма станциясынан-Достық станциясына дейін — 100 шақырым;
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Киялы-Рощинское» (65-228 шақырымы);
- Возвышенка-Рощинское – 163 шақырым;
- «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» (0-47 шақырым), Рощинское-Корнеевка– 47 шақырым;
- «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасына дейін» (213-280 км), Кішкенекөл-РФ шекарасы – 67 шақырым;
Осы учаскелерде көліктің барлық түрі үшін жол жабық. Қазіргі кезде республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 389 техника және 750 адам жұмылдырылған.