«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 6-8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері белсенді Атлантикалық циклон шұңқыры және онымен байланысты атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 6 қаңтарда солтүстік-батыста қар жауады, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, 7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауады. Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран болады деп күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температура күрт төмендейді. Сонымен, батыста және солтүстік-батыста түнгі уақыттарда 8-25 градус аязға дейін, солтүстікте 5-30 градус аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 градус аязға дейін төмендеу күтіледі. Оңтүстік өңірлерде түнгі температураның негізгі фоны 5 градус аяз — 7 градус жылы шегінде болады деп күтіледі, — делінген хабарламада.
