Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар

Алматы облысының тауларында 4-7 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Бұл туралы Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Осыған байланысты ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сонымен қатар таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырды.

Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, — делінген хабарламада.