Былтыр Қазақстан шекарасында 35 мың адам ұсталған

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі жылды қорытындылады.

Шекара кеңістігінде Қазақстан заңын бұзған 35 487 адам ұсталған, соның ішінде 1 094 шетел азаматы бар. Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз нәрсе өткізудің 8 026 фактісі тіркелді.

Оның ішінде:

444 — есірткі, жалпы салмағы 1 тоннадан астам;

389 — қару-жарақ пен оқ-дәрі (36 дана ату қаруы, 986 дана оқ-дәрілер, 4 001 дана суық қару, 125 арнайы құралдар);

279 — діни әдебиет (7 103 дана);

3 112 — жалпы сомасы 213 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (429 107 литр);

2 986 — жалпы сомасы 12,4 миллиард теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;

816 — жалпы сомасы 11,7 миллиард теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактісінің алды алынды.

Каспий акваториясында 384 браконьерлік фактісі тіркелді. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 738 км браконьерлік аулау құралдары, 3 463 дана (20 276 кгбекіре балығы, 45 332 дана (67 899 кгұсақ балық, 23 250 дана (10 238 кгшаян тәркіленді.

Алды алынған залал сомасы — 7 миллиард теңгеден асады.

Бұл фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.