Алматыда мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді?

Алматыда жаңажылдық мереке күндері жолаушылар ағыны айтарлықтай төмендейді. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Алдағы мереке күндері Алматыда қоғамдық көлік мына кестемен жұмыс істейді:

  • 2023 жылғы 30 және 31 желтоқсанда және 2024 жылғы 2 қаңтарда – штаттық режимде сағат 23.00-ге дейін. Желіде жылжымалы құрамның 80%-і жүреді;
  • 2024 жылғы 1 қаңтарда жолаушылар ағыны айтарлықтай төмендейді деп болжанды. Осыған байланысты автобустардың 50%-і желіге шығарылады.

«Медеуге» дейін жүретін №12 маршрут жылжымалы құрамның 20 бірлігі желіге шыға отырып. Демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 23.30-ға дейін штат режимінде жұмыс істейді. №3 түнгі маршруттың жұмысы өзгеріссіз қалады, — делінен хабарламада.

Алматы метрополитені демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 06.20-дан 00.00-ге дейін жұмыс істейді. Қозғалыс аралығы 12 минутқа дейін.