Полицейлер жүргізушілерге үндеу жасады

Полицейлер жолдағы жағдайға байланысты жүргізушілерге үндеу жасады.

Ақмола облысының полиция департаменті өткен тәулікте 2 мыңнан аса көлік құралын алып жүргенін хабарлады.

Ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола полицейлері түрлі бағыттағы автокөлік тізбегін алып жүрді және көлік құралдарының жүргізушілерімен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауа райының нашарлауы кезінде 2 019 автокөлік болған 13 тізбекті алып жүру ұйымдастырылды, — делінген хабарламада.

Астана–Петропавл, Щучинск–Зеренді, Көкшетау–Рузаевка, Степногорск–Ақкөл, Астана–Ерейментау–Шідерті бағыттарында көліктерді бастап жүру арқылы қауіпсіз жерге шығарылған.

Полицейлер 28 желтоқсанда Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ түріндегі қатты жауын-шашын күтілетінін ескертті.

Осыған байланысты полицейлер барлық көлік иелеріне жылдамдықты сақтауды, қозғалыс бағыттарын реттеуді, тіпті ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынады. Төтенше жағдайға тап болсаңыз, 112 бірыңғай жедел жәрдем нөміріне немесе 102 арнайы телефонына хабарласыңыз. Жүргізушілер хабарламаларды назардан тыс қалдырмаңыз, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да