Қазақстанда ірі ұялы байланыс операторының нарықтағы үлесі төмендеуі мүмкін

Отырыс барысында электр энергиясы мен телекоммуникация нарықтарын демонополизациялау бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсыныстары қаралды.

Байланыс нарығын демонополизациялау жөніндегі қадамдар аясында ұялы байланыс қызметтерін көрсету саласындағы ірі операторлардың бірінің үлесін төмендету туралы ұсыныс айтылды.

ҚР премьер-министрі аталған шаралардың экономикаға әсерін бағалау үшін сараптамалық деңгейде айтылған тәсілдерді пысықтауды тапсырды.