Қазақстанның 4 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

25 желтоқсан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық ахуал сақталады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, дүйсенбіде ауа сапасы тек Алматы, Риддер, Өскемен және Семей қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.