Алматыда есірткі сатумен айналысқан төрт қылмыстық топ ұсталды

Биыл Алматы полициясы заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі тәркіледі. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетовтың айтуынша, жыл қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары мегаполиске есірткі әкелудің тұрақты бес арнасын жойды.

Жүргізілген мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қала аумағында марихуана мен гашиш сату және таратумен айналысқан төрт адамнан тұратын топ ұсталды. Ұстау кезінде, сонымен қатар тінту жүргізілген орындарда 157 келіден астам гашиш пен 54 келі марихуана тәркіленді. Сонымен қатар есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар 34,6%-ке артық ашылды. Полиция қызметкерлері есірткі сатудың 202 дерегінің жолын кесті. 16 есірткі зертханасы жойылды, 83 бетбелгі қоюшының қылмыстық әрекеті тоқтатылды, – дейді Ерлан Әлмағамбетов.

Басқарма басшысы, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 603 келіден астам марихуана, 243 келі гашиш, 557 грамм героин, 83 келі синтетикалық есірткі сондай-ақ 3 тонна көкнәр тұқымы тәркіленгенін жеткізді.