Жылу желілеріндегі ақауға байланысты қаланың бірнеше шағынауданында жылу мен ыстық су беру уақытша тоқтатылды.
Бұл туралы Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
16-шы ықшам ауданындағы жылу желілеріндегі апатқа байланысты 20А, 16, 17, 18, 19, 20 шағынаудандарда бірқатар үйде жылу мен ыстық су беруге уақытша шектеу енгізілді.
Оқиға орнында «Каспий жылу, су арнасы» кәсіпорнының мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.
Ақтау қаласының әкімі жұмыстардың жүргізілуін жеке бақылауына алды.
«Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің мамандары ақауды тез арада жоюға кірісті.