Қар құрсауында қалған 109 адам құтқарылды

«Алматы-Ташкент-Термез» автомобиль жолының 160-238 километр учаскесінде қар құрсауынан 15 жеңіл және 30 ауыр жүк машинасы шығарылды.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.

Автокөлік ішінде болған барлық 96 адамға ыстық тамақ, сусын беріліп, қажет көмек көрсетілді. Барлық жолаушы жылыту пункттеріне жеткізілді.

Жолшылар мен полицияның ескертуіне қарамастан, жүргізушілер республикалық маңызы бар жолдарға шығып, өздеріне қауіп төндіріп қана қоймай, арнайы техниканың негізгі жұмысына кедергі келтіріп жатыр, — делінген хабарламада.

Жедел көмек көрсету мақсатында жолдарда тәулік бойы патрульдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жолшылар 1403 нөмірі бойынша Call-орталық тәулік бойы жұмыс істеп тұрғанын еске салды.