Алматылық оқушылар оффлайн оқуға қайта оралады

Алматылық оқушылар ертеңнен бастап мектепке барып оқиды. Алматы қаласының білім басқармасы 15 желтоқсан күні 0,1-9-класс оқушылары дәстүрлі оқытуға көшетінін мәлімдеді.

Синоптиктердің мәліметінше, 15 желтоқсанда Алматыда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы — 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -18-20 градус, күндіз -6-8 градус аяз.

Айта кетейік, 13-14 желтоқсанда ауа райына байланысты оқушылар қашықтан оқыды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да