Алматыда бөлім басшысы 12 миллион теңге пара алмақ болған

Алматы білім басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеп-тексеру аяқталды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.

Қала прокуратурасы жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастыру бойынша жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп танығаны үшін бөлім басшысының 12 миллион теңге көлемінде пара алуға әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберді.

Сонымен қатар қала прокуратурасының нұсқауы бойынша лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапқа тарту үшін Алматы әкімдігіне қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Конституцияның 77-бабы және қылмыстық процестік кодекстiң 19-бабына сәйкес әрбiр адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәсi заңды күшiне енген сот үкiмiмен анықталғанға дейiн кiнәсiз деп есептеледi.