Алматы тұрғындарына тауға шықпауға кеңес берілді

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таяу күндері қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауға кеңес берді.

Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Қалада 12 желтоқсан күні қалың қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Тұрғындарға көлікті ағаштың, электр желілері мен басқа да ілулі құрылымдардың астына қоймауға ескерту жасалды.

112 қызметінің SMS-хабарламалары мен БАҚ-тағы ақпаратқа салғырт қарамаңыздар, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматыда және маңайдағы таулы аймақтарда 13-15 см қар түсті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да