Ауа райына байланысты 12 облыстағы республикалық жолдар жабылды

12 желтоқсан сағат 10.00-дегі жағдай бойынша еліміздің 12 облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың 55 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Шектеулер ауа температурасының төмендеуіне, боранға, жолдың көрінбеуіне байланысты енгізілген.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 451 техника мен 907 қызметкер жұмылдырылды. 1 108 м3 көктайғаққа қарсы материал қолданылды, — делінген хабарламада.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерден аса қажет болмаған жағдайда, ұзақ сапарға шықпауды сұрады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да