Қостанайда қираған ғимарат: үйінді астынан 3 адам шығарылды

Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанайда газ салдарынан қираған ғимарат туралы ақпарат берді.

11 желтоқсан күні сағат 12.39-да Қостанай қаласының Амангелді кентінде газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан жүк көлігін жөндеуге арналған бір қабатты ғимараттың қирағаны туралы хабар түсті. Куәгерлердің айтуынша, үйінді астында адамдар болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД және жергілікті атқарушы орган күш-құралдары жұмылдырылған. Алғашқы медициналық көмекке 12 адам жүгінді.

Іздестіру-құтқару жұмысында үйінді астынан екі адам құтқарылды, тағы біреуі өлі күйінде табылды, оның аты-жөні анықталып жатыр. Іздеу жалғасып жатыр. Ақпарат түсуіне қарай тағы толықтырылады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда жеті адам қираған үйдің астында қалып қойғаны хабарланған еді.