Қостанайда газ жарылып, 7 адам үйінді астында қалып қойды

Бүгін, 11 желтоқсанда сағат 12.36-да Амангелді тұрғын алабында газ жарылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.

Бұл туралы Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, аумақта газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан бір қабатты ғимарат толығымен опырылып, жеті адам адам үйінді астында қалған.

Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жарылыс болған жерге облыс әкімі Құмар Ақсақалов келіп, жедел штаб құрылды. Адамдарды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.