Ақтөбеде «СТО» жарылды: бір адам қаза тапты

Ведомство мәліметінше, оқиға туралы кезекші қызметке 22 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 4:11-де хабарланған.

Кезекші қызмет пультіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Смағұлова №15 мекенжайындағы «Альтаир» жанармай құю станциясында жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Ақтөбенің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары жіберілді, — делінген хабарламада.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері оқиға орнына келгенде «Альтаир» техникалық қызмет көрсету станциясында газ-ауа қоспасының жарылғаны анықталды, нәтижесінде 600 шаршы метр алаңда ғимараттың құлауы мен техникалық қызмет көрсету станциясының ішінде және жанында тұрған 11 автокөлік зақымданған. Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс автокөлік газ-баллон жабдығынан шыққан газ-ауа қоспасының жиналуы нәтижесінде болған.

Оқиға орнында Ақтөбе ТЖД 136 адам және 16 бірлік техника күштері мен құралдары, сонымен қатар ЖАО 2 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр.

Жарылыстан мекемеде күзетші болып жұмыс істейтін азамат зардап шегіп, оқиға орнында қаза тапты. Жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде үйіндінің астынан күзетшінің өлі денесі табылды.