Еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Сенбіде, 9 желтоқсанда синоптиктер Қазақстанның сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайтынын болжады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер және Петропавл қалаларында тіркеліп отыр.

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынымық, желдің болмауы, тұман, инверсия) жиыны. ҚМЖ пайда болған кезде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).