Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атауын ауыстыру туралы айтты.
Компанияның ребрендингін жаңа инвестор нақты бекітеді. Біздің ойымызш, бұрынғы тарихи „Қармет“ атауын қайтару қажет. Мұны қызметкерлер мен тұрғындар да қолдайды деп ойлаймын, — деді Қанат Шарлапаев үкіметте өткен брифиңде.
Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мемлекет меншігіне қайтару келіссөздері аяқталды. АМТ екі кәсіпорнының құны 286 миллион долларға бағаланған.