Кейінгі бес жылдың ішінде Қазақстанда фармацевтикалық нарықтың көлемі екі есеге, ақшалай 1 миллиард доллардан 2 миллиард долларға дейін ұлғайды.
Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшілерімен кездесу барысында айтты.
Оның мәліметінше, 10 жылдың ішінде фармацевтика саласына салынған инвестицияның көлемі алты есеге, 7 миллион доллардан 44 миллион долларға дейін өсті. Сонымен қатар дәрілік өнім өндірісі 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде екі есеге ұлғайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің алдына 2029 жылға қарай отандық өндірістегі дәрі-дәрмектердің үлесін ішкі нарықта 50%-ке дейін жеткізу міндеті қойылды, — деді вице-министр.