Сот орындаушылармен денгелек үстел өткізілді

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Жеке сот орындаушылардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) түскен талап қоюлар бойынша анықталған бұзушылықтар жөнінде» дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға соттың судьялары, Түркістан облысының атқарушылық округінің жеке сот орындаушылары қатысты.
Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының талаптарын, атқарушылық iс жүргiзудегі заңдылық, атқарушылық іс-әрекеттердің уақтылы және айқын болу принциптерін үнемі назарға алу қажеттігі ескертілді.

Кездесу барысында қатысушылар атқарушылық іс жүргізуді толық жасақтау, сот орындаушының процестік құжаттарын, шақыру қағаздарын, атқарушылық әрекеттер мен мәжбүрлеп орындату шаралары туралы хабарламаларды уақытылы жолдау, алимент берешегін дұрыс есептеу, борышкердің мүліктерінен өндіріп алу, мүліктеріне тыйым салу, тыйымнан босату, елден шығуды уақытша тоқтату, сот орындаушылардың әрекеттеріне қатысты шығарылған сот шешімдерін орындау мәселелері бойынша пікір-ұсыныстармен алмасты.

Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, төрағалық етуші М.Шарипов туындаған мәселелер мен оларды шешу тәсілдерін талқылап, қортындылады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да