Түркістан облысында «Жол-көлік оқиғасыз бір ай» атты іс-шарасы өтті

Кей жағдайда жаяу жүргіншілер тарапынан да жол ережелері бұзылып, өз өмірлеріне қауіп төніп жатады. Полиция қызметкерлері осы мәселеге қатысты дабыл қағып, жаяу жүргіншілерге жолда өз өмірлері үшін жауапты болуды ескертеді, тәртіпке бағынбайтын жүргіншілерге әртүрлі дәрежеде заңдық жауапкершілік көзделетінін де айтып жүр.

Әкімшілік заңнамаға сәйкес, жол ережесін бұзып, жаяу жүргіншілер жолымен өтпесе жүргіншіге 5 АЕК айыппұл салынады. Бұл – 11 345 теңге. Аталған жағдай екінші рет қайталанса, 20 АЕК-ке дейін барады, ал тағы да қайталанса 3 тәулікке қамауға алынасыз! Осындай қауіпсіздік шараларын ескертудің арқасында бүгінгі таңда жаяу жүргіншілердің салдарынан орын алатын құқықбұзушылықтың саны Түркістан облысында біршама төмендеген. Дәл қазіргі уақытта облыстың ЖОО, колледждер мен мектептер алдында арнайы «полиция қоғамдық көмекшісі» деген жазуы бар арнайы жилет және төсбелгі таққан полиция қызметкерінің көмекшілері тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс жасап жатыр.

Түркістан облысында жолда жүру ережелерін сақтау барысында көптеген шаралар жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданған. Сондай-ақ, автожолдардағы авариялық жағдайды сауықтыру мақсатында қолда бар күштер мен құралдар барлық жерде жұмылдырылған.

«Жол-көлік оқиғасыз бір ай»

Талдау негізінде жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын аумақтарда жеке құрамның қатысуымен тұрақты түрде «нүктелік» профилактикалық шаралары жүргізілді. Жыл басынан бері осындай шаралар 16 ауданда 41 рет атқарылды, сондай-ақ ағымдағы жылы бір ай бойы облыс көлемінде «Жол-көлік оқиғасыз бір ай» атты іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Тәулік сайын құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқару үшін 350-ден астам полиция қызметкері аталған шараға қатысып, облыс тұрғындарының жол ережесін бұзбауын қадағалады. Сонымен қатар, көлік жүргізушілеріне де жол ережесін сақтап адам өміріне қауіп төндірмеу қажеттігі айтылды. Тағы бір маңызды мәселе, сомакат, велосипед жүргізушілерінің абайсыздығының салдарынан орын алатын апаттар да назарға алынды.

Бақылау камералары көбейді

Жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін автоматты жылдамдықты өлшегіш кешендерінің саны 138-ден 203-ке дейін көбейтілді. «Сергек», «Трафик-сканер», «Кордон Про», «Скат-ПП», «Мерген» және «Зерек-2» арқылы 389 968 бұзушылық тіркелді. Ағымдағы жылдың тамыз айында 54 «Мерген» кешені орнатылды, сондай-ақ биылғы жылдың соңына дейін тағы 117 кешен орнату жоспарланған. Ақылы жолдарда көлік құралдарын тіркеуді жүзеге асыратын «Қазавтожол» АҚ камераларына жылдамдық өлшегіш режимі қосылды, облыста республикалық маңызы бар жолдарда барлығы 11 Арка кешені, «Зерек-2» камералары үстіміздегі жылдың 25 тамызынан бастап іске қосылды, осы екі жарым айдың ішінде 13 493 жол ережесін бұзушылық әрекеті тіркелген. Патрульдік полиция қызметкерлері электрондық планшеттерінде «Қорғау-қауіпті жүргізуші!» мобильдік қосымшасын қолдануда. 2023 жылдың 9 айында 1 004 автокөлік айыптұраққа қойылды, оның ішінде 6 көлік жалған мемлекеттік нөмірлермен, 86 көлік иесінің құжатсыз көлік басқарғаны анықталған. Жол қауіпсіздігі саласы бойынша 509 814 құқықбұзушылық анықталып, 6 млрд 875 млн 145 мың теңгеге айыппұл салынды. Оның ішінде 5 млрд 286 млн 129 мың теңге немесе 76,9% өндірілді.

«Назар аударыңыз, балалар!»

Жыл басынан бері автожолдарға 2747 тексеру жүргізілді, 2729 ұйғарым жасалып, нәтижесінде 712 бірлік белгінің ескіргені анықталып, ауыстырылды. 3953 бірлік жол белгілері орнатылды. Сонымен қатар білім беру мекемелерінің жанында 148 бірлік «Назар аударыңыз, балалар!», 1315 шаршы метр жасанды кедергілер, 21 км жасанды жарықтандыруға, сондай-ақ 37,4 км жаяу жүргіншілер тротуарлары салынды. Республикалық маңызы бар жолдарда жануарлармен соқтығысуды болдырмау үшін өткен жылдан бастап тосқауыл қоршаулары орнатыла бастады. Мұндай қоршаулар Жамбыл облысының шекарасынан Шымкент қаласына дейінгі, одан әрі Сарыағаш ауданына дейінгі 52 км, Бәйдібектен Созақ ауданына дейінгі 5 км жол учаскелерінде орнатылды, сондай-ақ жыл соңына дейін Шымкент қаласынан Түркістанға дейінгі 21,4 км автожолдың жекелеген учаскелерінде тосқауылдар орнату жоспарланған.

Мал айдау және жаю орындарында ауыл шаруашылығы жануарларының макеттерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда, аудандарда 46 макет орнатылды. 2022 жылдың 14 қазанында облыс әкімі бекіткен 2022–2023 жылдарға арналған жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жол картасы, яғни штат санын ұлғайту, бейнекамераларды кеңейту, патрульдік автомобильдерде орнатылған ҰҰА, мобильді кешендерді сатып алу, көше-жол желісін жақсарту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мектептерде ЖҚЕ білімі бойынша сабақтар шеңберінде іс-шаралар іске қосылған. Мәселен, биылғы жылдың 1 мамырында қала, аудандық орган басшылары мен учаскелік полиция инспекторларының халық алдындағы есептік кездесулері кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қауіпсіздігі ережелерінің сақталу мәселесі бойынша бейнероликтерді көрсету арқылы 1634 түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда «жол қауіпсіздігін қалай күшейту керек», «полиция қызметкерлері көрсететін автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер», «Мектептердегі Қауіпсіздік», «Жол-көлік оқиғалары неге жиілеп кетті», «Түркістан қаласындағы жолдардағы қауіпсіздік» тақырыптарында 5 бағдарлама өткізілді.

Қазіргі таңда жол-қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық шаралар өз жалғасын табуда және департамент басшылығының қатаң бақылауына алынған. Пилоттық жоба іске қосылды Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерін сақтау, сондай-ақ оқу орындарының жанында құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Кентау қаласы полицейлерінің бастамасымен пилоттық жоба іске қосылды. Яғни, аталған жоба аясында жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі кезекшілікті ювеналды полиция инспекторларымен бірге қоғамдық көмекшілер жүзеге асыратын болады. Кентау қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бағлан Янкин осы пилоттық жобаны іске қосуға атсалысты. Осындай жобаның іске қосылуының арқасында Түркістан облысында жаяу жүргіншілердің абайсыз әрекетінен орын алатын құқықбұзушылық саны біршама азайды. – Кентау қалалық полиция бөлімі әкімдікпен бірлесіп және қалалық мәслихаттың шешімі бойынша қала аумағында орналасқан 23 жалпы білім беретін мектеп, 4 колледж бен 1 университет маңында оқушылар мен студенттердің жолдан қауіпсіз өтуін қадағалап тұратын қоғамдық көмек шілерді бірлесіп жұмыс жасауға жұмылдырдық. Жұмыссыздыққа тіркелген 41 адам осы жолақтан студенттер мен оқушыларды өткізуге көмектесіп тұрады.

Атап айтар болсақ қырықтан аса жұмыссыз жұмысқа орналасып өз отбасын асырауда. Ал, ата-аналар балаларының жолдан өтуіне алаңдамайды. Олардың міндетіне оқушылардың жол арқылы таңертең, түскі уақытта және кешкі уақытта қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету, оқу орындарының аумағында құқық бұзушылықтарға жол бермеу және профилактикалық іс-шараларды өткізуге қатысу кіреді, – деді Кентау қаласы Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бағлан Янкин. Кентау қаласы ПБ ювеналды полицейлерімен бірге оқу орындарының 27 қоғамдық көмекшісі кезекшілік етеді. Олар «полиция қоғамдық көмекшісі» деген жазуы бар арнайы жилеттермен және төсбелгілермен қамтамасыз етілген. Янкин Жавдетұлының айтуына қарағанда мұндай жоба оқушылардың, жастардың жолдан және жаяу жүргіншілер жолағынан өту кезінде болатын апаттардан сақтап қалуға, қауіпсіз маршрутты таңдауға және жол қозғалысы ережелері туралы еске салуға көмектесетінін атап өтті. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерін сақтау, сондай-ақ оқу орындарының жанында бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Кентау қаласы полицейлерінің бастамасымен «пилоттық жоба» іске қосылды. Яғни, аталған жоба аясында жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі кезекшілікті ювеналды полиция инспекторларымен бірге қоғамдық көмекшілер жүзеге асыратын болады. Тәртіп сақшылары мұндай жоба оқушыларды, жастарды жолдан және жаяу жүргіншілер жолағынан өту кезінде болатын апаттардан сақтап қалуға, қауіпсіз маршрутты таңдауға және жол қозғалысы ережелері туралы еске салуға көмектесетінін атап өтті.

Раушан Нарбек
Түркістан облысы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да