Астанада бір түнде 63 жол-көлік оқиғасы болған

4 желтоқсанда сағат 20.00-ден 5 желтоқсанда 07.00-ге дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана жолдарында 63 жол-көлік оқиғасы болған.

Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы хабарлаған жоқ.

Полицейлер жүргізушілерден жолда өте сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, көлікті кенет тежеуді болдырмауды және қашықтықты сақтауды сұрайды.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақ болуы керек, — деп еске салды Астана полиция департаменті.